385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Парламентте Мәжіліс депутаттарының кезекті жалпы отырысы өтіп жатыр

  • 664

Ел Парламентінде Мәжіліс депутаттарының кезекті жалпы отырысы өтіп жатыр.

Бюро палатасы кейбір заңнамалық актілерге қатысты ұсыныстарын айтып, толықтыру енгізуге қатысты өз ой-пікірін ортаға салды.

Мәжілісте келелі кеңес құрған кезекті отырыс басталды. Бұл жолы депутаттар қарауына негізінен төрт заң жобасы ұсынылып отыр. Біріншісісалық салу және кедендік әкімшілендіру заң жобасына қорытынды әзірлеу. Ол бойынша қаржы және бюджет комитеті баяндама жасады. Екінші, көптен көпшілік арасында қызу талқыға түсіп жатқан жайылым туралы заң жобасының бірінші оқылымы болды. Бұл саланың, осы жобаның жай-жапсарын жетік меңгерген Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаевтың өзі заңның өзектілігін түсіндірді. Халық қалаулыларының үшінші қарауына түскен салмақты сауал осы тақырып аясында өрбіді. Нақтырақ айтсақ, жайылымдарды пайдалану мәселесі кеңінен сөз болды. Ендігі кезекте Париж келісімін ратификациялау жобасын қарау қалды. Ол бойынша Энергетика министрі Қанат Бозымбаев баяндама жасауы тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы