380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдің Керчь бұғазында жүзбелі кран суға батып кетті

  • 645
Ресейдің Керчь бұғазында жүзбелі кран суға батып кетті http://srb.news-front.info/

Қырым жағалауында жұмысшылар мінген жүзбелі кран суға батып кетті. Мұндағы Ливадия елді мекенінің маңымен жүзген суда құрылыс жүргізуге арналған көлік Керчь қаласына бет алған кезде апатқа ұшыраған, деп хабарлайды осы аймақты қадағалаушы ТЖМ-нің Бас басқармасы.

Бастапқыда бортта экипаждың сегіз мүшесі болған. Олардың бесеуі құтқарылып, екеуі қаза тапты. Енді қалған бір адам іздестіріліп жатыр.  

Апатқа қолайсыз ауа райы себеп болған.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы