384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтарға 100-ге жуық жұмыс орны ұсынылды

  • 545

Астанада өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қарымына қарай қызмет ұсынылды.

Елордалық кәсіпкерлер атсалысқан шараға 43 компания өкілдері қатысты. Бүгінде дәрігер, медбике, тәрбиеші, инженер мен байланыс саласының мамандарына сұраныс бар. Екі қолға бір күрек таппай жүрген 100-ден астам мүгедек қалауына сай келетін салаларды саралап көрді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 522-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік шаралардың шарапатын көрді. Олардың басым бөлігі жұмыспен қамтылған. Ал қалғандары жастар тәжірибесі мен қайта даярлау курстарынан өтіп жатыр.

Роза Байсалбаева, Қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

- Жұмыс берушімен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі бар. Енді 3 күннен кейін олар әр адамға толыққанды жауап береді. Меніңше, бастысы адамда ынта-ықылас болу керек. Сонда жұмыс беруші де олардан көмегін аяп қалмасы анық.

Хабар 24 телеарнасы