384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ұлттық валюта көрмесі өтті

  • 1122

Бүгін Астанада ұлттық валюта экспозициясына арналған көрме өтті.

Бұл шара «Теңге – Тәуелсіз Қазақстанның валютасы» атты халықаралық конференция барысында ұйымдастырылды. Оған ақша шығаратын шетелдік компания өкілдерімен қатар қоғам қайраткерлері мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. 3 сессия бойынша өткен конференцияда теңгенің тарихы мен рөлі талқыға салынды. Жиында халықаралық компания өкілдері банкнот шығару және оның қорғаныс элементтерін күшейту үшін инновациялық тың технологиялар енгізу жайында сөз етті. Ал отандық дизайнерлер өз тәжірибесі жайлы баяндады.

Меңдібай Әлин, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері:

- Біз полиграфия, банкнот шығару техникасында заң шығарушы болып шықтық. Үйрендік, біздің мамандарымыздың көбі - қазақша да, ағылшынша да шетте оқыған балалар. Көп нәрсені қазір қиналмай жасайды. 

Хабар 24 телеарнасы