389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлеуметтік желіде сауда жасап, салықтан жалтарғандар жазаға тартылады

  • 702

Әлеуметтік желіде сауда-саттықпен айналысып, салықтан жалтарғандар әкімшілік жазаға тартылып жатыр.

Оларға алдымен ескерту жасалады. Егер бұл жағдай қайталанса, онда айыппұл төлеуге міндеттеледі. Бұл туралы брифингте Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде салық төлеу рәсімі жеңілдетілді. Мәселен осы жылдың 9 айында мемлекеттік кірістер органдары қызмет түрлерінің 87%-ын электронды түрде көрсеткен. Осы аралықта 61 мың тексеріс жүргізілген

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы министрлігі МКК департамент директоры:

- Бізде олар жік-жікке бөлінбейді. Әлеуметтік желідегі кәсіпкерлер ме, немесе базарда сатып тұр ма? Барлығына талап бір. Біздікілер жергілікті жерлерде оларды тек қана әкімшілік жазаға ғана тарта алады. Басқа жаза көзделмеген. Қылмыстық жазаға бұл салада тартылмайды. 

Хабар 24 телеарнасы