388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар ХҒТО қызметін жалғастыру туралы келісімді бекітті

  • 843

Сенаторлар «Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді бекіту туралы» заң жобасын мақұлдады.

Құжатты Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев таныстырды. Сала басшысының айтуынша, халықаралық ғылыми-техникалық орталық 1992 жылы ядролық қаруды таратпау мақсатында Еуропалық одақ, Ресей, АҚШ пен Жапония арасындағы келісім бойынша құрылған. Еліміз осы орталыққа 1995 жылдан бері мүше. Ал 2015 жылы орталықтың штаб-пәтері Ресейден Қазақстанға көшірілді. Қазір орталық Назарбаев Университетінің ғимаратында орналасқан. Қаражат та университеттің қазынасынан төленеді. Ерлан Сағадиев бұл орталықтың штаб-пәтерін 2017 жылы ЕХРО көрмесі өткеннен кейін осы қалашықтағы ғимараттардың біріне орналастыру жоспары барын айтты.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Әр жоба бойынша орталық бөлетін грант сомасы ғылыми ұйымның сұраған сомасына байланысты. Әр жоба бойынша орташа сомма 10 мыңнан 600 мың АҚШ долларына дейін болады. Жобалардың жалпы ұзақтығы 2-3 жыл. Енді өткен 20 жылдың ішінде Қазақстан ғалымдарына орталық бөлген гранттар көлемі 75 млн долларды немесе гранттардың жалпы сомасының 13%-ын құрады. Осы кезеңде 206 грант 5 мыңдай қазақстандық ғалымға бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы