384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық омбудсмен Ұлттық алдын алу механизмі жұмысының тәжірибесімен бөлісті

  • 581
Қазақстандық омбудсмен Ұлттық алдын алу механизмі жұмысының тәжірибесімен бөлісті фото: РИА Новости

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Вена қаласында ЕҚЫҰ елдерінің жыл сайынғы Ұлттық алдын алу механизмдер кездесуіне қатысты.

Бұл ЕҚЫҰ АҚДИБ (Адам құқықтары және демократиялық институтар бюросы) және Азаптауды болдырмау қауымдастығымен өткізілген кездесу Ұлттық алдын алу механизмдер (НПМ) жұмысының тәжірибесімен алмасуға және жанжақты талқылауға бағыталып, жыл сайын осы ұйымның мүше-елдерінің өкілдерін біріктіреді. Сондай-ақ форумның жұмысына БҰҰ-дың Азаптаудын алдын-алу жөніндегі шағын комитетінің және Азаптаудын алдын-алу жөніндегі Еуропалық комитетінің мүшелері қатысты.

Омбудсмен екі күндік пленарлық талқылау барысында әріптестерін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлестіруімен атқарылған Қазақстандағы Ұлттық алдын алу механизмі жұмысының екі жылдық нәтижесімен таныстырды.

Хабар 24 телеарнасы