379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда жыл соңына дейін 24 жоба іске қосылады

  • 785

Қостанайда жыл соңына дейін жалпы сомасы 7 млрд теңгені құрайтын 24 инвестициялық жоба іске қосылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк мәлімдеді. Осылайша, жаңа жобалардың арқасында 400 адам екі қолға бір күрек табады. «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында Астанада солтүстік өңірдің мәдени күндері басталды. Баспасөз конференциясында облыс әкімдігі жеткен жетістіктерін тізбектеді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 332 млрд теңгеге өскен. Бұқараның басты мәселесі баспанаға тоқталсақ, 25 жылдың ішінде 4,5 млн шаршы тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Алдағы 2 жылда тағы да 21 үй салынады деп жоспарланып отыр. Бюджеттің игерілуін бағамдайтын болсақ, тәуелсіздік жылдары білім беру және денсаулық саласына бөлінген қаржы 15 есе, спортқа бағытталған ақша 63 есеге өскен. Елорда тұрғындарына құлаққағыс, 15-16 қазанда Астана қаласы әкімдігінің жанында Қостанай облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Сергей Карплюк, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

- Қостанай облысы Қазақстандағы өндіріс пен ауыл шаруашылығы дамыған өңірге жатады. Тәуелсіздік жылдары облысымыз  жоғары экономикалық жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, аграрлық және өнеркәсіптік секторда, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік салада. Осы бағыттан таймай, әрі қарай өркендеп даму - басты мақсатымыз.

Хабар 24 телеарнасы