383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тель-Авив ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты тоқтатты

  • 725

Израиль билігі ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығын уақытша тоқтатты.

Ресми Тель-Авивтің мұндай қадамға баруына халықаралық ұйымның Иерусалимдегі қасиетті орындарға қатысты қабылдаған қарары себеп болған. Ұйым Тель-Авивтің мұсылмандарды Иерусалимдегі қасиетті жерлерге кіруге шектеуін айыптап, олардың атауларын мұсылманша қолданған. Сондықтан Израиль тарапы қарар Ғибадат тауы мен Жоқтау қабырғасының иудей дінімен тарихи байланысы жоқ дегенге саяды, - деп, оған наразылық танытып жатыр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль тарихының қасиетті орындарға қатысы жоқ деу, Қытайдың Ұлы қорғанға, ал Мысырдың Пирамидамен байланысы жоқ деумен бірдей, - деді. Палестина тарапы ұйымның бұл қадамын оның тәуелсіздігін тануға шақыру деп бағалады.

Хабар 24 телеарнасы