388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польша астанасында бомба жарылып, бір адам қаза тапты

  • 694

Польша астанасында қолдан жасалған бомба жарылып, бір адам қаза тапты.

Тағы біреуі ауыр жараланған. Жергілікті телеарнаның хабарлауынша, жарылыс Варшаваның солтүстігіндегі Таргувек ауданында 4 қабатты үйде болған. Жарылғыш зат үшінші қабаттағы пәтердің алдында термос ішіне жасырылыпты. Полиция лаңкестік шабуылдың белгісі жоқ, - деп отыр. Бұл елдегі екі қылмыстық топтың арасындағы қақтығыс болуы мүмкін. Бомба жарылған ғимараттан жүзге жуық адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Хабар 24 телеарнасы