384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Шырайлы оңтүстік шежіресі» атты көрме өтуде

  • 782

Елордада «Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі»  деп айдар тағып, Шымкент шаһары жайлы сыр шертетін көрме өтіп жатыр.

Онда облыстық бейнелеу өнері мұражайындағы үздік туындылар паш етілген. Көшпелі көрмедегі тарихи тағлымы мол суреттерде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен бастап, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне дейін бейнеленген. Қылқалам шеберлерінің құнды композициялары көпшіліктің көңілін тәнті етті. Сан алуан тақырыпты қамтыған кескіндемелер арасында «Домалақ ана», «Туған өлке», «Жас шопандар» сынды суреттердің шоқтығы биік.

Айнабек Оспанов, ҚР көркем сурет академиясының академигі:

- Көрменің аты «Шырайлы оңтүстіктің шежіресі» деп аталғаннан кейін осы оңтүстік өмірдегі тарихи кезеңдерді бейнеленген суреттердің саны 90, кескіндемелер, жұмыс 20, 10 қолөнер шеберлерінің гобелендері. Осы мәдениет күндері аясында жасалған көрме Астана қаласының көзайымына айналады деп сенемін. Шығарманың мәніде мақсаты да жоғары дәрежеде. 

Хабар 24 телеарнасы