384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік диқандары елордаға 300 тонна өнім әкелді

  • 638

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған логистикалық орталықты кеңейту жоспарда бар.

Қазір өңірде 220 мың тонна тауар сыятын қойма жұмыс істеп тұр. Ал жаңадан салынатын нысанда тағы 15 мың тонна азық-түлік сақталады. Бұл туралы елордада өткен жәрмеңкеде аймақтың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы баяндады. Серік Тұрбековтың айтуынша, биыл оңтістік диқандары мол өнім алды. Тіпті кейбір тауар түрлері ТМД, Еуропа мен Араб елдеріне экспортталып жатыр. Ал бүгінгі жәрмеңкеге 300 тонна тағам түрі жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы