376,72 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШЫҰ марафонының жеңімпазына 40 мың АҚШ доллары беріледі

  • 928

Биыл желтоқсан айында Қытайдың Юньнань провинциясындағы Куньмин қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының марафонын өткізу жоспарланып отыр.

Жарыс жеңімпазына 40 мың АҚШ доллары беріледі. Қатысушылар 42 шақырым 195 метр қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс.

Куньмин Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан шағын қала. Мұнда жыл он екі ай, төрт мезгілде де күн райы көктемдегідей жаймашуақ. Сондықтан жергілікті жұрт «Мәңгілік көктем шаһары» деп атайды. ШЫҰ марафоны дәл осы жерде желтоқсанның 17-сі өтеді. Бас хатшы Рашид Алимовтың айтуынша жарыс ұйымның 15 жылтық мерейтойына арналады және жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Рашид Алимов, ШЫҰ бас хатшысы:

- Біз марафон жыл сайын дәстүрге айналып, Шанхай саммитін немесе маңызды шараны өткізетін мемлекетте ұйымдастырып тұруға жағдай жасаймыз. Қазақстанның Шанхай ұйымына төрағалығы кезеңінде бірқатар салмақты шаралар жоспарланып отыр, келешекте олар да жақсы үрдіске айналуы мүмкін. Меніңше, қазақ елінің ұйымға төрағалығы осымен ерекшеленеді.

Марафонға Шанхай алтылығына мүше мемлекеттер ғана емес, диалог жөніндегі әріптес әрі бақылаушы елдер де қатысады. Барлығы 18 мемлекет. Жоспар бойынша жарыста 15 мың адам бақ сынайды.

Рашид Алимов, ШЫҰ бас хатшысы:

- Біз ерекше марафон өткіземіз. Оның ерекшелігі сол, бес кезеңге бөлінеді. Жартылай, 10 шақырым, 5 шақырым және қашықтығы 2016 метрге жететін «шанхайлық миля» болады. Оған барлық жастағы азаматтар қатыса алады. Біз осылайша, кімді де болса марафонға қатысуға шақырамыз, бұл біздің ортақ рухымызды күшейте түседі.

Қазірдің өзінде Шанхай марафонын насихаттап, таратуға халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары қызығушылық танытып отыр. Ал Қытайдың орталық телеарналары жарысты тікелей эфирде көрсететін болады.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Хабар 24 телеарнасы