389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында кемелер шеруі өтті

  • 1051

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында кемелер шеруі өтті.

Мұнайлы түбектің алғашқы орталығы саналатын елдімекенге биыл 170 жыл. Бұл Ұлы Жібек жолы керуені кесіп өткен жер. Ал XIX ғасырда қалаға жер аударылған танымал украин ақыны Тарас Шевченконың есімі берілді. Екі сағат бойы теңіз бетін шиырлаған кемелер шеруіне алты азаматтық және үш әскери су көлігі шығарылды. Айлаққа жақын жерде зәкір тастаған кемелер жанынан «Қазақстан», «Сарыарқа», «Орал» жауынгерлік корабльдері сап түзеді.

Петр Казачков, «Баутино» теңіз айлағының басшысы:

- Кемелер шеруін өткізудегі мақсатымыз – отандық теңіз флотының бүгінгі келбетін барша қазақстандықтарға көрсету. Әлеуеті жыл санап күшейе түскен Ақтау және «Баутино» порттарында екі жүзден астам су көлігі тіркелген. Біздің айлақтың кемелері Каспий қайраңынан пайдалы қазбаларды өндіруге жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы