389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада азық-түлік бағасы арзандады

  • 1418

Қызылорда мен Ақтөбе облысы арасында 3 млрд теңгеден астам тауарларды өзара жеткізу туралы уағдаластық өз нәтижесін бере бастады.

Сырбойлықтар қазіргі таңда ақтөбелік өнім өндірушілерден қиыршық тас, қызыл кірпіш, тіркемелі техника, өрт сөндіру құралдары мен жылу оқшаулағыш құбырлар алып жатыр. Ал өз кезегінде Сыр елінен көршілес облысқа негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі. Өңіраралық әріптестік байланысты одан әрі нығайту мақсатында ақтөбелік делегация Қызылорда облысына келді. Бірқатар өндіріс ошақтары мен әлеуметтік нысандарды аралаған іскер топ өкілдері алыс-берісті арттыратын жобаларды талқылап, тиімді келісімдер жасалды. Ақтөбе күндері аясында мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып, 300 тонна агроөнімдер саудаланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Қызылордалықтарға 80 тонна ет, 100 тонна картоп және сүт өнімдері мен өсімдік майы ұсынылды.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Қызылорда облысынан ең 1-ші ауыл шаруашылығы өнімдерін алып жатырмыз. Соның нәтижесінде деп айтуға болады халыққа керекті өнімдері бағасы 15-20% арзандады. Мысалы бұрын Ақтөбеде күріштің бағасы 220 теңге болса, қазір ол 130-150 теңге. Дәл сондай балық, тұз. Сондықтан біз осы қарым-қатынасты алға қарай жалғастыруымыз керек.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

- Ақтөбе облысының кәсіпкерлері Ресей аймақтарымен көршілес ЕАЭО жақсы тәжірибе жинақтаған. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, Қызылорда және Ақтөбенің кәсіпкерлері бірлесіп, ЕАЭО-қа жақсы, тиімді жобаларды іске асыруға мүмкіндік алды деп ойлаймыз. 

Хабар 24 телеарнасы