384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда теракт жасаған Күлікбаевқа қатысты соттың алдын ала отырысы өткізілді

  • 745
Алматыда теракт жасаған Күлікбаевқа қатысты соттың алдын ала отырысы өткізілді ВКонтакте

18 шілде күні Алматыда теракт жасаған Руслан Күлікбаевтың ісіне қатысты соттың алдын ала отырысы Алматыдағы Мамандандырылған ауданарлық сотта өтті, деп хабарлайды Хабар 24 арнасының меншікті тілшісі.

Күлікбаевқа құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының 8 қызметкерін және екі тұрғынды өлтірді деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ ол 3 адамның өміріне қастандық жасағаны үшін де жауапқа тартылды.

Ал теракт кезінде қаза тапқандардың туған-туыстары Күлікбаевты өлім жазасына кесуді сұрап отыр.

Қылмыстық іс бойынша соттың негізгі отырысы 24 қазанда өткізіледі.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы