389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мьянмадағы апатқа ұшыраған паромда қаза тапқандар саны артты

  • 745

Мьянмада апатқа ұшыраған паромда қаза тапқандар саны 32 адамға жетті.

Тағы 60-тан астамы із-түзсіз жоғалғандар санатында. 150 адам құтқарылған. Еске сала кетейік, өзеннің екі жағасында қатынайтын кеме Мьянма орталығындағы Чинудин өзенінде апатқа ұшыраған болатын. Куәгерлердің айтуынша, 170 жолаушыға шақталған су көлігінде 250-ден аса адам отырған. Олардың дені діни мейрамға бара жатқан студенттер, оқушылар мен мұғалімдер. 

Хабар 24 телеарнасы