377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраулық мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

  • 1168

Атырауда мемлекеттік қызметкер 130 000 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің ұлттық бюросы қалалық мемлекеттік кіріс басқармасының жетекшісі бірнеше мәрте пара алу ісі бойынша күдікке ілінгенін растады. Рзағұлова салықтық есеп және ағымдағы шоттар ашуда сонымен қатар, қосымша құн салығына қатысты есеп беруде кәсіпкерлерден жүйелі түрде қаржылай және заттай сыйлық алып келген.

Қазіргі уақытта А. Рзағұлова кінәсін толық мойындады. Енді сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы