389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕО Алепподағы жанжалды тоқтатуға шақырды

  • 859

Бүгіннен бастап Еуроодақ Түркия, Иран, Сауд Арабиясы және Cирия оппозицияның түрлі топтары мен азаматтық қоғам өкілдерімен келіссөздерді бастап, жанжал аяқталғаннан кейін елде бейбіт өмірді қалыпқа келтірудің жоспарын талқылауға кіріседі.

Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини мәлімдеген.

Федерика Могерини, ЕО сыртқы істер мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Ең алдымен Алеппо қаласын бомбалауды тоқтату керек. Еуропалық одақ әскери қимылды тоқтатып ғана қоймай, қақтығыстардың одан әрі ушығуына жол бермеу керек деп санайды. Ол үшін қатаң қадағалау шараларын қолға алу керек. Сондай-ақ, гуманитарлық ұйымдардың қаланың барлық аумағына емін-еркін кіріп шығуына мүмкіндік беру маңызды.

Стаффан де Мистура, БҰҰ бас хатшысының сирия бойынша арнайы өкілі:

- Алеппо мәселесі өте маңызды. Егер желтоқсан айына дейін бұл түйткілдің тиісті шешімін таппасақ, онда Алеппо қаласы жермен жексен етіп, құриды.

Хабар 24 телеарнасы