384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия балетінің жұлдыздары «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді

  • 623
Италия балетінің жұлдыздары «Астана Опера» театрында өнер көрсетеді Фото: astanaopera.kz

29 қазанда елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» театрының әртістері мен неаполитандық Сан-Карло театрының белгілі әртістерінің қатысуымен Гала-балет ұсынылады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Концерт «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Дирижері Арман Оразғалиев.

Сан-Карло театры атынан 6 солист келеді, олардың арасында Антонелла Альбано, Маурицио Личитра және Сальваторе Мандзо сияқты балет жұлдыздары бар.

«Біз Сан-Карло театрындағы достарымызды көретінімізге қуаныштымыз, олар бұған дейін театрымызға бүкіл кордебалет құрамымен келіп, «Жизель» балетін қойған. Әртістер үшін мұндай кездесулер өте маңызды, өйткені өзара тәжірибе алмасып, жағымды сезімнен қуат аламыз, ал, оның бәрі кейін біздің көрерменге беріледі», - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Ғатауов.

«Астана Опера» әртістері де елорда тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар тосынсый дайындап қойған. Гала-балет бағдарламасы аясында таяуда ғана Балет әртістерінің ІІІ халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Бақтияр Адамжан мен Серік Нақыспеков өнер көрсетеді. «Астана Опера» театры балетінің жаңа солисі Олжас Тарланов П.Чайковскийдің «Аққулы көл» балетінде алғаш рет Зигфридтің рөлін сомдайды, онымен бірге балеттің жетекші солисі Әйгерім Бекетаева сахнаға шығады.

Хабар 24 телеарнасы