384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сауд Арабиясында патша отбасының мүшесі алғаш рет өлім жазасына кесілді

  • 802

Сауд Арабия билігі патша әулетінің мүшесі – ханзада Түрки бин Сауд әл-Кабирді дарға асты.

Бұл туралы Королдіктің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған «Әл-Арабия» арнасы хабарлады. Ханзадаға кісі өлтірді деген айып тағылған. Тергеу нәтижесі бойынша, оның Эр-Риядтағы шатырлы лагерьдегі жанжал кезінде оқ атып, өз досын өлтіріп, тағы бір адамды жарақаттағаны белгілі болды. Патша ұрпағының бұл әрекеті жергілікті халық арасында қызу талқыға түскен. Осыдан кейін Сауд Арабиясының жоғарғы апелляциялық соты оны өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды. Айта кету керек, ханзаданы дарға асу туралы үкім монархтар тарихында алғаш рет орындалған.

Хабар 24 телеарнасы