389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысында оқушылар иіссудан уланып қалды

  • 1131
Маңғыстау облысында оқушылар иіссудан уланып қалды blogspot.com

Шетпе елді мекеніндегі орта мектепте 6 оқушы иіссудан уланып қалды.

Білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары Гүлмира Мамаеваның айтуынша, 6-сыныпта оқитын алты қыз жақын маңдағы дүкеннен шарикті иіссу сатып әкеліп, жаға бастаған. Артынша оқушылардың көзі қызарып, аяқ-қолдары дірілдеп, ақыры жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң балалардың жағдайы жақсарып, үйлеріне қайтты. Қазір олардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.  

Осы оқиғаға байланысты аудандық прокуратура және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды меншікті тілшіміз Тамара Степанова.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы