388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан билігі Қырғызстан азаматтарына ел аумағында өтетін шараларға қатысуға рұқсат берді

  • 699

Өзбекстан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрліктері 2017 жылға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат Ташкент қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 43-ші отырысында қабылданды. Оған дейін екі елдің жұмыс тобы шекарадағы даулы мәселелер бойынша хаттаманы мақұлдады. Әлі қайшылық туғызатын бірнеше тармақ қалғанымен көршілес екі елдің билігі екі жаққа да тиімді шешімге келетіндеріне сенімді. Саламат Аламанов Қырғызстан шекарасын белгілеу жұмыстарына қатысқан адам. Ол кезінде Үкіметтің шекара межелеу бөлімін басқарды. Сіңірген еңбегі арқасында Қырғызстанның бүгінде шекара мәселесі төңірегінде Қытай мен Қазақстан арасында талас тудырарлық түйткілі жоқ. Оңтүстіктегі көршілер жайлы айтатын болсақ, саяси қайшылықтар бар. Соның салдарынан шекаралас аумақтар мәселесі жылдар бойы шешілмеген күйде келе жатыр.

Саламат Аламанов. ҚР географиялық қоғамының президенті:

- Қалыптасқан ахуалды шешу үшін алдымен жер телімдерінен бастау керек. Яғни, екі жаққа да ұтымды өзара тиімді шешім беретін кластер құрылуы керек. Сонда, менің ойымша, мемлекеттердің құзыретті өкілдері деңгейінде саяси шешім қабылдауды талап ететін 5 жер телімі қалады.

Жуырда Ташкентте Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті. Шараға Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Адхам Икрамов қатысты. Үкімет басшысының сенімді өкілі қырғыз кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнес саласында әріптестік орнату мәселелерін талқылады. Келіссөздер барысында шекарадағы проблемалармен қатар, болашақта стратегиялық әріптестік құру мүмкіндігі де қаралды.

Мықтыбек Осмоналиев, экономист:

- Әндіжан мен Наманған - халық көп шоғырланған өңірлер. Ол аймақтарда халық өте көп тұрады. Яғни, қырғыз тауарларын тұтынатын тағы да бір нарық деген сөз. Ал, Өзбекстан билігі өз тауарларының ЕАЭО нарығына шыққанын қалайды. Бұл ретте, бізге көлік жолдары жеріміз арқылы тауар өткізетін транспорттық коридор болуға ыңғайлы.

Тағы бір жағымды жаңалық. Жуырда Өзбекстан билігі Қырғызстан азаматтарына өз елі аумағында өтетін салтанатты шараларға қатысуға рұқсат берді. Бұған дейін онда қырғыз жұрты тек туысқандарын жерлеу үшін ғана баруға рұқсат алған болатын. Қазір күн сайын бұрынғыдай 300 адам емес, 1 мыңдай адам шекара асып өтіп жатыр. Шекара дауы бойынша келісімге келу, мемлекеттік шекарадан өту тәртібінің жеңілдеуі, қос елдің сыртқы істер министрліктерінің ынтымақтасуы туралы меморандум. Осылайша, Өзбекстан бір жарым айдың ішінде Қырғызстанның қарсыласынан әріптесіне айналып шыға келді.

Авторы: Бакыт Чермашев.

Хабар 24 телеарнасы