384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаты жаңа мереке енгізуді ұсынды

  • 795
Мәжіліс депутаты жаңа мереке енгізуді ұсынды Фото: TOPNews.RU

Мәжіліс депутаты елімізде жаңа мереке енгізуді ұсынды.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы және Еуразиялық кеңістік: заманауилық және даму перспективалары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.

«Баршаға белгілі, 2014 жылғы 29 мамырда қазақ жерінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды. Жас ұрпақ арасында ынтымақтастық идеяларын насихаттау және қос құрлықтың – Еуропа мен Азияның ықпалдастығы қай елде басталғанын әлемге паш ету үшін мен «Еуразиялық ықпалдастық күні» деген жаңа мереке енгізуді ұсынамын. Өйткені «Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы» Келісімге қол қойылған кезде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бұл – Еуразиялық ықпалдастықтың күні» деп айтқан болатын. Енді осыны біз заң жүзінде бекіткеніміз жөн. Біз болашақта бұл мерекенің бүкіл Еуразиялық одаққа мүше елдер көлемінде атап өтілуіне қол жеткізуіміз керек», - деді Мәжіліс депутаты.

Хабар 24 телеарнасы