384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері Астанада рұқсат етілмеген уақытта спирттік ішімдіктерді сатудың 45 фактісі анықталды

  • 424
Жыл басынан бері Астанада рұқсат етілмеген уақытта спирттік ішімдіктерді сатудың 45 фактісі анықталды

Елорданың Республика даңғылында орналасқан бір дүкеннің сатушысы рұқсат етілмеген уақытта (21:00-ден кейін) алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапқа тартылды.

Заң бұзушыға 10 АЕК (21 20 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

2016 жылдың қырқүйек айында түнгі сағат 12-де сатушы құтыдағы сыра және этил спиртінің көлемді үлесі 30 пайыздан асатын арақ сатқан. Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін сатушыға қатысты ҚР ӘҚБК 200-баптың 3-бөлімі «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бапқа сәйкес, этил спиртінің көлемді үлесі 30 пайыздан асатын алкоголь өнімдерін сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін сауда арқылы өткiзуге тыйым салынған.

Жыл басынан бері Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ҚР ӘҚБК 200-баптың 3 бөлімі «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 45 фактіні анықтаған.

Хабар 24 телеарнасы