383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада халықтың әлсіз топтарына қатты отын алуда көмек көрсетіледі

  • 637
Астанада халықтың әлсіз топтарына қатты отын алуда көмек көрсетіледі Фото: astana.gov.kz

Елорданың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес, пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын жасы бойынша зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі ересектер және балалар отынды сатып алуда көмек ала алады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Маңызды талап аталған адамдар санаты тұрғын үйдің меншік иесі және басқа тұрғын үйі болмауға тиіс, сондай-ақ отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе 81318 теңгеден аспауға тиіс. Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш (16 968 теңге) көлемінде төленеді. Егер қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына Иманбаева көшесі, 16 мекенжайы бойынша жүгіну қажет.

Хабар 24 телеарнасы