385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Татарстанда Сириядағы террористерге ақша жіберген лаңкес ұсталды

  • 701
Татарстанда Сириядағы террористерге ақша жіберген лаңкес ұсталды blogspot.com

Татарстан ІІМ-нің экстремизмге қарсы әрекет ету орталығының қызметкерлері Қазан қаласының 36 жастағы тұрғынын құрықтады.

Күштік құрылымдар оны «Сирия жеріндегі террористерге қолдау көрсеткені үшін күдікті» деп таныды, деп хабарлайды Татарстан ІІМ сайты.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде оқдәрі, бомба құрастыруға арналған зақымдағыш бөлшектер мен радиостанциялар табылды. Мұнан өзге, радикалды көзқарасты ұстанған ол, Сирия жеріндегі ТГИЛ террористерімен байланысқа шығып, олардың лаңкестік әрекеттерге жұмсауы үшін ақша жөнелтіп отырған.   

Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті террорист екі ай мерзімге қамауға алынды.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы