386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ыстамбұлда экстремизм туралы халықаралық конференция басталды

  • 922

Бүгін Ыстамбұлда Түркі кеңесі мен БҰҰ Өркениет альянсының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы күрестегі жастардың рөлі» атты халықаралық конференция басталды.

Алқалы жиында Африка мен Орталық Азияның 30-ға жуық елінен келген 200-ден астам жастар бас қосып, жаһандық терроризм мәселесін кеңінен талқылап жатыр. Мамандардың пайымынша, бүгінде лаңкестік ұйымдар қатарын оң-солын танымаған, өрімдей жастар толықтырып отыр. Сондықтан өскелең ұрпақты теріс ағымның жетегіне кетіп, экстремизмнің арбауына алданып қалмауы үшін үкімет пен азаматтық институттар пәрменді шара қабылдауы тиіс. Осы бағытта мамандар ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтіп, жастардың қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін арттыру маңызды екендігін алға тартты.

Рамиль Хасанов, Түркі кеңесінің бас хатшысы:

- Барлық террорлық ұйымдар радикалды іс-әрекеттерін жүзеге асырғанда жастарды қолшоқпар ретінде пайдаланады. Оның салдарынан әлем елдері мен бүкіл өңір зардап шегіп, отбасылар қайғы жамылуда. Терроризмнің шекарасы жоқ. Олай болса, оның қауіп-қатері барлық мемлекеттерге бірдей төндіріп отыр. Сондықтан жаһандық терроризм мен экстремизмге қарсы бірлесіп күресуіміз тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы