384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жол-көлік апатын азайтуға бағытталған жоба қолға алынды

  • 759

Қызылорда өңірінде көлікпен мал қағу жиілеп кетті.

Тек Қазалы ауданының өзінде биылғы 8 айда 12 мал жолда жаншылып өлген. Оқыс жағдайдың дені қас қарайған шақта болады. Жүйткіген көлік жүргізушісінің алдынан кенеттен мал шықса, тоқтап үлгеру қиын. Амалы құрыған аудан прокурорлары енді жарыққа тұра ұмтылатын түйе, жылқы мен ірі қараға бірден көзге түсетін сырға тағуды ұсынып отыр. Қазір халықаралық автодәліз бойында орналасқан Қарашеңгел ауылдық округінің 100 шақты сиыр-жылқысына жарықтандырғыш таңбалар тағылды. Жалпы мал шығыны мен жол-көлік оқиғасын азайтуға бағытталған бұл жобаны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы әзірлеп жатқан жолда жүру қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық концепцияға енгізу ұсынылып отыр.

Өркен Оңғаров, Қарашеңгел ауылдық округінің тұрғыны:

- Жазда жайлау бар, Қарақұм дейміз, Қарақұмда Бөкей деген телім бар. Жазда сол жақта болады да, күзде егін-терім жиналғаннан кейін осы жаққа қарай жол үстімен айдап келеміз. Түн өтесің, түнде айдайсың, сондайда жалпы сырғаға сәуле қайтарғыш салғаны жақсы.

Ғалым Едігеев, Қазалы ауданының прокуроры:

- Бұдан бөлек ұсынысымызда мектептер бар. Мектептерде оқитын бала-шаға бар. Олар тасжол жақын болғандықтан, жолға шығып қатынайды елді мекендер арасында. Сондықтан олардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балалар мектеп формасына сәуле қайтаратын құрылғылармен жабдықтау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жалпы аудан көлемінде 2300 жуық баланың мектеп формасына осындай жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар ары қарай жалғасын табады. Бүкіл ауданды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы