389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қан кету кезінде жүргізілетін операция әдістерін жетілдіру керек

  • 904

Қан кету кезінде жүргізілетін операция әдістерін жетілдіру керек.

Бұл мәселе Алматыда еліміздің және 17 мемлекеттен келген 300-ге жуық хирург бас қосқан жиында талқыланды. Тәжірибелі дәрігерлер жедел көмек көрсету, өңеш, өкпе ауруларына, кардиохирургия және трансплантацияға қатысты ойларымен бөлісті. Сала мамандарының айтуынша, елімізде жылына 3 мыңға жуық еңбекке жарамды азамат түрлі жарақаттан соң қансырап көз жұмады екен. «Бұл мәселе қазір тіпті Жапония, Корея, АҚШ елдерінде де өзекті болып отыр. Сондықтан мұндай жағдайға тап болған жандарға жедел операция жасау әдістерін жетілдіруге кірісеміз», - дейді дәрігерлер.

Болатбек Баймаханов, Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы:

- Бүгінгі талқылайтын сұрақтардың бәрі миниинвазивті қан тоқтату, мысалы, асқазаннан қан кеткен кезде бұрын кесіп, ашып жасайтын болса, қазір ағзаға кіріп, оны эндоскопиялық түрмен тоқтату мәселелері. Мемлекетімізде талқыланып отырған аурулардың асқынуы, өлімді азайтуға мүмкіншілік жетеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы