388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі «Денсаулық пойызы» Хромтау ауданының орталығына аялдады

  • 1096

Ақтөбедегі «Денсаулық пойызы» Хромтау ауданының орталығына аялдады.

Мамандар 4 күн бойы тұрғындарды қабылдап, қажетті медициналық көмек көрсетеді. Одан бөлек, арнайы жұмыс тобы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысады. Жалпы, ел тұрмысын жақсартуға арналған акция аясында 95 мың ақтөбелік қажетті кеңес алған. 20 күннің ішінде 2 мың шара ұйымдастырылып, 4 мың адамға нақты көмек көрсетілген. Денсаулық пойызының Хромтауда тұрғанына 2 күн болды. Осы уақыт аралығында 200-ден астам тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Мамандардың айтуынша, алысқа ем іздеп бара алмайтын қариялар көп келеді. Пойыздан бөлек, Алматы және Астана қалаларындағы ғылыми-медициналық орталықтардың дәрігерлері науқастарды аудандық ауруханада қабылдап отыр. Жалпы, 20 күн ішінде 13 мың ақтөбелік дәрігерлік тексеруден өтіп, 189 адам, оның ішінде туа бітті жүрек ақауы анықталған 7 бала республикалық клиникаларға жіберілген.

Жарас Кенженов, хирург:

- Хромтау ауданынан 20 адам хирургиялық көмек сұрап келді. Біразы жасы ұлғайған адамдар. Буын, сүйек, іш құрылыс аурулары жиі кездеседі. Оның себебі, ауаның, судың ластануы және өте майлы, зиянды тағамдарды пайдаланудан болады.

Әлеуметтік көмек көрсету тобы Хромтау қаласында тұратын көп балалы және аз қамтылған отбасыларын аралап жүр. 2 күн ішінде 60-тан астам шаңыраққа кіріп жағдайларын біліп, қажетті кеңес берген. Бұл топ Алға, Мұғалжар, Шалқар және Темір аудандарында 354 мүгедек жанның отбасында болып, 61 адамға көмек көрсеткен. 31 мүмкіндігі шектеулі жанға қоларба алынып, «Өрлеу» жобасы бойынша, 73 тұрғынға көмек берілген. Тек әлеуметтік көмек көрсету тобы 700 шара өткізіп, 21 мың адамды қамтыған.

Руслан Әлішев, ҚР Бас прокуратура өкілі:

- Халықпен қойылатын бізге болсын, топтың мүшелеріне болсын қойылатын жұмыссыздық, медицина және білім салаларында мамандардың жетіспеушілігі. Сол мәселелер дер кезінде жүгінген сәтте шешілетін мәселе болса, біз сол жерде шешіп жатырмыз. Ал, егер күрделі мәселе болса немесе заңнамалық актілерге енгізу қажеті болса, біз оны тиісті мемлекеттік органдарға, Үкіметке ұсынамыз.

Жұмыс тобы құрамындағы прокуратура өкілдері араласып, 46 адамның жалақы қарызы өтелген. Аудандарда 3 еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 109 адам жұмысқа орналасқан. Сондай шараның бірі Хромтау қаласында да өтті. Ауданнан 14 мекеме қатысып, 38 бос жұмыс орнын ұсынды.

Сәкен Елдесов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

- 30-40 пайыз келген адамдар жұмысқа орналасады. Ай сайын әр кәсіпорын, әр мекеме бізге мәлімет беріп тұрады, қандай вакансия бар екені туралы. Сосын, бізде жұмыссыздардың мекен-жайы, мамандағы туралы ақпараттар бар, бәрін білеміз.

Өңірге 1 ай мерзімге келген жұмыс тобы құрамындағы теолог мамандар діни ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар мектептер мен колледждерде, жоғары оқу орындарында студенттермен кездесіп, жат ағымдардың зардабы туралы жан-жақты әңгімелеп жүр.

Авторлары: Ақсәуле Байменшина, Болат Молдағалиев.

Хабар 24 телеарнасы