384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

  • 1460

Апта сайын елордада өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесін Солтүстік Қазақстан облысы жалғастырды.

Бүгін өңірден 741 тонна өнім әкелініп, нарықтан төмен бағада саудаланды. Тұтынушыларға тегін тамақ та таратылып, ыстық палау мен шай үлестірілді. Ал ардагерлер үшін кең дастархан жайылып, бата сұралды. Сондай-ақ, аймақ өнерпаздары ән-жырдан шашу шашып, көпшілікті көтеріңкі көңіл-күйге бөледі.

Айдарбек Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

- Өніміміздің сапасы жоғары. Халық ұнатып алып жатырмын. Бұл енді бір мереке, той деп айтуға болады. Сондықтан біз шын көңілмен, өзіміздің күшімізді салып келдік. 13 аудан келді. Сондықтан жалғыз жәрмеңке емес, 18-нен бастап, өзіміздің күндерімізді өтіп жатырмыз. мәдениет саласы келді.

Жәрмеңкеге 100-ден астам шаруашылық қатысты. Әрқайсысы ет, сүт, шұжық және астық өнімдерін саудалап, мол пайдаға кенелді. Оның үстіне аймақта егін бітік шығып, төрт түліктің саны артқан. Бір ғана Мағжан Жұмабаев ауданындағы ірі қара саны 42 мыңға жуықтады.

Асқар Бегманов, СҚО Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі:

- Жылдан жылға егін көлемін дәнді-дақылдарға көбейіп жатыр. Елбасының тапсырмасы бойынша мал шаруашылығын дамытып жатыр. Жылда 1900-2000 мал алынады. Астанаға арнайы алып келген 30 қара малымыз, 7 жылқы, 1 жарым тонна құс еті.

Хабар 24 телеарнасы