385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшы Б.Жүкембаев қатарынан 6-рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті

  • 842
Қазақстандық боксшы Б.Жүкембаев қатарынан 6-рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті Фото: Facebook

Жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев 2016 жылда қатарынан 6-рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Монреалда өткен жекпе-жекте 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Иван Перейра болды. Сегіз раундқа созылған кездесу бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Айта кету керек, Жүкембаев кәсіби шаршы алаңда 6 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Бұдан өзге қарсыласының жарақаты үшін есепке алынбаған 2 кездесуі бар. Алғашқы кездесуін қазақстандық былғары қолғап шебері мамыр айында өткізген болатын. Жүкембаевтің барлық жекпе-жегі Канадада өтті. Ал мексикалық үшін бұл жеңіліс - кәсіби мансабындағы сегізінші және мерзімінен бұрын аяқталған алтыншы жекпе-жегі. Бұған қоса оның қоржынында 20 жеңісі де бар. 

Хабар 24 телеарнасы