377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері артып келеді

  • 1518
Астанада әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері артып келеді blogspot.com

Осы жылғы 9 ай нәтижесі бойынша елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің артқанын байқауға болады.

Мысалы, ЖӨӨ осы жылдың бірінші жартыжылдығында 2,1  трлн теңгеден асып түсіп, өткен жылдың сол кезеңіне қарағанда 2,9%-ға артты. Бұл бүкіл ел бойынша Астананың ЖӨӨ-нің үлесі 11,1% болды деген сөз. 

Экономикалық көрсеткіштердің артуын сала бойынша жіліктейтін болсақ, мұнда құрылыс саласы есебінен 19,8%-ға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет есебінен 18,8%-ға, қаржылық және сақтандыру қызмет есебінен 10%-ға, тасымалдау мен қоймаға қою саласы есебінен 9%-ға, өзге қызметтер есебінен 41,4%-ға артқан, деп хабарлайды Астана қ. әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есеге артық болып, 2,4 млн теңге болды. Сөйтіп, Астана қаласы ел бойынша екінші орынға орналасты.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы