384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл басынан бері Астанада 272, 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

  • 571
Жыл басынан бері Астанада 272, 1 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Ағымдағы жылдың 9 айында Астана қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары 272,1 млрд теңгенің өнімін шығарды.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салалық құрылымда металлургия өнеркәсібі саласындағы өсім - 59%, дайын металл бұйымдар шығару – 28%, тағам өнеркәсібінде –3,2%-ға артып, оң үрдіс көрсетіп отыр.

Анықтама: Алтын кенін өңдеу – 59,9% (4,9-дан 7,9 мың кг дейін); металл конструкцияларын шығару - 2,2% (3,3-тен 3,4 мың тоннаға дейін); ет және субөнімдер – 54,5% (369-дан 570 тоннаға дейін); ұн –14,3% (101,2-ден 115,7 мың тоннаға дейін); нан – 2%-ға (11,7-ден 12 мың тоннаға дейін) артты.

Хабар 24 телеарнасы