384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Литваның парламент сайлауында «Шаруалар мен жасылдар» одағы жеңіске жетті

  • 633

Литвада өткен парламенттік сайлаудың екінші кезеңінде «Шаруалар мен жасылдар одағы» жеңіске жетті.

Осы елдің Орталық сайлау комиссиясы таратқан мәлімет бойынша, жеңімпаз партия депутаттық мандаттың 56-сына ие болады. «Осылайша олар 9 қазанда өткен бірінші кезеңнен кейінгі саяси маңыздылығын мықтап бекемдеп алды», - дейді сарапшылар. Ол кезде партия Сеймдегі 19 орынды иеленген еді. Ал «Литваның христиан демократтарынан» қалыс қалған қазіргі билік басындағы социал-демократтар үшінші орынды місе тұтып, оппозицияға кетуге мәжбүр болған.

Хабар 24 телеарнасы