388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында цемент зауытының құрылысы басталды

  • 1227

2018 жылы Қызылорда облысында екі цемент зауыты іске қосылады.

Биыл маусым айында Жаңақорған ауданында алғашқы өндіріс ошағының құрылысы басталған болатын. Енді іргелес жатқан Шиелі ауданында да жылына 1 млн тонна тампонажды цемент шығаратын кәсіпорынның іргетасы қаланды. Мемлекет тарапынан зауыт құрылысына аумағы 46 гектар болатын жер телімі берілді. Кәсіпорын толықтай іске қосылған кезде 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні тампонажды цемент мұнай-газ және уран өндірісінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ құрылысқа да қажетті өнімге деген сұраныс көп. 

Қырымбек Көшербаев, облыс әкімі:

- 3 жылдың көлемінде дайындық жұмыстары жүріп, жоба жасалып, енді соны іске асыратын кезең келді. 64 млрд тг инвестиция салынады. Құрылыс кезеңінде 1400 адам жұмыс істейді. Зауыт іске қосылған кезде өндірісте 95% Қазақстан азаматтары жұмыс істейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы