389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ғаламтор саудасына да салық салынады

  • 950

Ғаламтор арқылы сауда жасағандар енді қазынаға салық төлейтін болады.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде шырмауықтай шырмалған жарнамалар интернет дүкендердің тауарларын саудалап келді. Олардың ішінде алаяқтық істермен әшкере болғандар да бар. Бұл бассыздықты тоқтату мақсатында Қазақстанның интернет қауымдастығы осындай бастамаға барып отыр. «Адамдар құқығы жаһандық желіде де қорғалып, желідегі сауда заң аясында қызмет етуі тиіс», - дейді белсенділер. Ал жасалған саудадан қазына қоржынына салық түседі.

Арғын Қыпшақов, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Интернет арқылы сауда жасаушылардың барлығы салық төлеулері тиіс. Бірақ, әзірге олардың барлығы бірдей салық төлеп жүрген жоқ. Мемлекеттік кіріс комитеті осы мәселені қарауы керек.

Хабар 24 телеарнасы