389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Cалық саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін

  • 695

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды.

Халық қалаулылары Мәжілістің бесінші шақырылымында депутат болған Сергей Дьяченконың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Мұнан соң, төменгі палата өкілдері салық салу және кедендік әкімшілендіру туралы заң жобасын талқылады. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған бұл құқықтық құжатқа 234 түзету енгізілді. Атап айтқанда, 2020 жылға қарай қосымша құн салығының шекті мәні 15 мың айлық есептік көрсеткішке төмендеуі мүмкін. Мал шаруашылықтары үшін бірыңғай жер салығын енгізу жоспарда бар. Ал асылтұқымды төрт түлік шығынға ұшыраса, біршама жеңілдік қарастырылады. Заңның жаңа талаптары бойынша, арақ-шарап және темекі өнімдеріне белгіленген акциздер де қымбаттайды. «Бұл отандық өнім өндірушілерге қолайлы бизнес климат қалыптастырады», - дейді мамандар. Сөйтіп, 2019 жылға дейінгі республикалық бюджет түсімдері ұлғаяды. Мәжіліс депутаттары бұл талаптарға бірауыздан қолдау білдірді. 

Хабар 24 телеарнасы