389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік мансап иесі конкурс арқылы анықталады

  • 1139

Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында биыл мансаптық модель қолданысқа енгізілді.

Австралия, Жапония және Франция елдерінің қызмет тәжірибесімен танысқан мамандар Қазақстанда ішкі конкурстар институтын құрды. Енді бос лауазым пайда болғанда мемлекеттік орган өз ішіндегі төменгі қызметтегі мамандар арасында конкурс өткізуге міндетті. Бұл жұмысшылардың мансаптық ілгерілеуіне мүмкіндік ашады. Ішкі конкурстың екінші кезеңінде тиісті еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметкерлер қатыса алады. Егер қажетті үміткерлер анықталмаса, конкурстың үшінші кезеңі жарияланып, барлық азаматтар өз бақтарын сынайды. Биыл жоғары лауазымға орналасқандардың 80%-ы бірінші конкурстың нәтижесінде іріктелді. Олардың арасында Мемлекеттік қызмет академиясы мен «Болашақ» бағдарламасының түлектері көп.

Жарқын Тілеукенов, Мемлекеттік қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы:

- Қазір ұйымдастырылған жүйе бұл қызметшілерге көптеген мүмкіндіктерді береді. Біріншіден, өз-өздерін көрсету, конкурстарға қатысу, қандай кәсіби деңгейі бар – соны көрсету. Және де бұлардың мақсаттарына жетуі тек өздеріне байланысты. Егер жұмысты жақсы атқарған болса, егер де өз-өзін көрсеткен болса, жолдары ашық.

Хабар 24 телеарнасы