389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңаөзенде білікті мамандар өз ісін бастауға ниетті жандарға көмек көрсетеді

  • 704

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жұмыссыздарды оқытуға арналған «Бастау» атты бизнес-мектебі жұмысқа кірісе бастады.

Оны бітіргендер кейін өзінің жобасын ашу үшін 15 млн теңге көлемінде шағын несие ала алады. Бұл бизнесті өрістетуге арналған «Жаңаөзенге – жаңа серпін» бағдарламасын енгізудің бір кезеңі. Мұнайшылар қаласына Қазақстанның әр өңірінен келген білікті мамандар өз ісін бастауға ниетті жандарға көмек көрсетеді. «Бір терезе» қағидасы бойынша кәсіпкерлерге қаржыландыру, кедендік реттеу, салық және заңгерлік мәселесі бойынша бір ай бойы тегін кеңес беріледі. Бір апта ішінде мобильдік топтарға үш жүздей азамат хабарласқан.

Тимур Нақыпбеков, «Атамекен» ҰКП кеңесшісі:

- Бұл бағытта біз Жаңаөзен қаласының әкімшілігімен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Барлық өтініш бергендердің арыздары өз нәтижесіне жету керек. Егер жер жоқ болса, онда жер жоқ деген, ал бар болса, бәссаудамен байқауға шығуы керек.

Жетібай Қойгелдиев, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

- Мал тұқымын өсіру үшін жер мәселесімен кеңес алуға келіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы