385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Германия арасындағы алыс-беріс артты

  • 599

Қазақстан мен Германия арасындағы алыс-беріс артып, тауар айналымы қаңтар-тамыз аралығында 1,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазіргі уақытта немістің жетекші компаниялары еліміздегі құрылыс, химия, фармацевтика және машина жасау мен энергетика, ауыл шаруашылық саласына инвестициалық жобаларды енгізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Германия Бундестагының депутаты Сибилле Пфайфер еліміздің мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықовамен екіжақты кездесуінде мәлім етті. Өз кезегінде мемлекеттік хатшы қос тараптың сауда-экономикалық байланыстағы даму қарқыны қанағаттанарлық деңгейде екенін тілге тиек етіп, Қазақстандағы шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 40 пайызға жеткенін атап өтті.

Сибилле Пфайфер, ГФР Парламенті Бундестагының депутаты:

- Егер қажет болса біз шағын және орта бизнесте өз тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз. Германияда бюджеттің 80 пайызын осы шағын кәсіпкерлік толтырады. Біз ауылдық жерлерде жұмыс істейтін кәсіпкер әйелдерге де өз білгенімізді үйретуге дайынбыз. Себебі біздің елдегі шағын және орта бизнесте әйелдердің үлесі 50 пайызды құрайды. Сонымен қатар, осы саланы төмен пайыздық несиемен қамтамасыз ететін банк те жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы