384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ғылыми конференция басталды

  • 761

Бүгін Астанада «Білім берудегі өзгерістер аясын кеңейту: апробация және тарату» атты халықаралық ғылыми конференция басталды.

Назарбаев Зияткерлік Мектебі ұйытқы болған жиын осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық диалогқа 16 мемлекеттен 700-ге жуық делегат арнайы келген. Конференцияның негізгі мақсаты отандық білім беру жүйесін одан әрі дамыту. Бұл ретте шетелдік және қазақстандық ғалымдар өз ұсыныстарын ортаға салады. Ал конференция соңында ең үздік баяндамалар іріктеліп, марапатталатын болады. Сондай-ақ, жаңа еңбектер арнайы электронды басылымдарда жарияланбақ. Конференция аясында арнайы көрме де өтіп жатыр.

Күләш Шамшидинова, «НЗМ» ААҚ басқарма төрайымы:

- Елімізде биылғы жылы енгізіліп жатқан жаңа стандарттар жақсы енуі үшін, мұғалімдердің оны жақсы түсінуі үшін, жалпы педагог мамандармен ой бөлісу үшін шақырып отырмыз. Себебі трансляция жасауда үлкен жұмыс бар. Оны тек біз ғана түсінбеуіміз керек. Оны ең бірінші мұғалім түсіну керек. Екіншіден айтатынымыз ата-ана түсіну керек. Оны қоғам түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы