384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тестілік от жағу эстафетасы аясында Алматыда Универсиада алауы жағылды

  • 590

Алматыда 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада Алауын жағу эстафетасының бас репетициясы өткізілді.

Тестілік іс-шараның бүкіл жағдайы іс жүзінде өткізілетін Универсиадаға барынша ұқсатылып өткізілді.

Ұйымдастырушылар Оттың пайда болуын техникалық жағынан репетициядан өткізіп, тасымалдайтын шыны сауытты тестілеп көрді. От жағу эстафетасының көлік жөніндегі серіктесі «Вираж» компаниясы «Газ» үлгісіне жататын коммерциялық жеңіл көліктердің жаңа топтамасын сапқа тізді, өз кезегінде бұл көлік санын оңтайландырып, 2017 жылдың қаңтарында өткізілетін От жағу эстафетасы кезінде саптың ұзындығын екі есеге дерлік қысқартуға мүмкіндік бермек.

Тестілік эстафетада Универсиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарының өкілдері бас қосты. 30-дан аса аймақтық менеджер Алау сақтаушыларының жұмысына бақылау жүргізді.

Хабар 24 телеарнасы