386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенат депутаттары мемлекеттік аудит жүйесін сынға алды

  • 909

Мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру керек. Бүгін бірқатар Сенат депутаты осындай бастама көтерді.

Халық қалаулылары мемлекеттік бюджет пен активтерді бақылауға білікті мамандар тартып, жауапкершілікті күшейту қажет деп есептейді. Сондықтан қолданыстағы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Енді мемлекеттік аудитор тексеру кезінде сыбайластыққа жол беріп, қисынсыз есеп берсе, қатаң жазаланауы мүмкін. Жалпы жыл басынан бері бюджеттен бөлінген 306 миллиард теңгенің игерілуінде өрескел заңбұзушылық тіркелді. Сөйтіп, жауапкершілікке 1200 лауазымды тұлға тартылды.

Ерболат Мұқаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Тек қана тексеріп қоймай, оның тиімділігі, оған үлкен талдау жасау. Қай сала болмасын, берілген қаражат қандай бағытта, халықтың әл-ауқатын көтеруге, еліміздің дамуына қандай септігін тигізіп жатыр. Сондай жұмыс жасайтын кадрлар өте білікті болуы керек. Кіршіксіз таза адамдар жұмыс істеуі керек.

Хабар 24 телеарнасы