383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің ең үздік әлеуметтік жобасы анықталды

  • 1718

Шымкентте еліміздің ең үздік әлеуметтік жобалары анықталды.

Комиссия жыл бойы республиканың барлық аймақтарындағы үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қорлар мен қауымдастықтардың өтініштерін қабылдаған болатын. Нәтижесінде 32 әлеуметтік жоба ақтық кезеңге өтті. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы мен қарым-қатынасын жеңілдетуге бағытталған. Байқау осымен 4-мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолы алматылық Сергей Махашев үздік атанды. Ол «сурдоаударма» онлайн қызметін таныстырды. Қазір оның жобасы Алматы вокзалы мен медициналық орталықтарда қолданылады. Онлайн режимдегі қызметті пайдалану үшін тек ғаламтор желісіне қосылу қажет.

Сергей Махашев, республикалық байқау жеңімпазы:

- Келесі жылы Android және IOS платформасында жүзеге асатын болады. Соның арқасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен құлағы нашар еститін азаматтар шетелде жүріп те қажетті ақпар ала алады. Бар болғаны интернет желісіне қосылу керек. Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Жалпы бүгін көрсетілген мәселелердің барлығы қоғамда бар проблемалар, қоғамның назарын осы мәселеге аудару және осындай ауыр тұрмыстық жағдайға тап азаматтарға, отбасыларына жәрдем беру - біздің бүгінгі жобаның басты мақсаты.

Хабар 24 телеарнасы