376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британия Каледен тағы жүздеген босқын бала қабылдайды

  • 668

Ұлыбритания Францияның Кале қаласындағы босқындар лагерінен тағы да жүздеген босқын баланы қабылдайды.

Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінге дейін Британия 200 босқын жасөспірімді паналатқан. Әсіресе Тұманды Альбионда туысы бар балаларды қабылдауға басымдық берілді. Айта кетейік, Каледе «Джунгли» деп аталып кеткен босқындар лагерін бұзу дүйсенбі күні басталған. Осы уақытқа дейін онда тұратын 5500 адам Франциядағы арнайы лагерьлерге қоныстанды. Бұл мигранттардың дені – Ла-Манштағы еуротуннель арқылы Ұлыбританияға өтуді көздегендер.

Хабар 24 телеарнасы