388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Б.Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

  • 495

Еліміздің Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Минскіге жұмыс сапары аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 жылға арналған бюджетін және Кедендік кодекс туралы шарт жобасын талқылады. Премьер-министр отырыста интеграциялық бірлестікті әрі қарай дамытудың жолдары белгіленгенін атап өтті. Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына да қатысты. Келелі кеңес құрған кездесу барысында еркін сауда аймағы туралы шарттың ережелерін жүзеге асыру барысы талқыланды. Үкімет басшысы ТМД аясында қабылданған іскерлік ахуалды жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету және өзара сауданы нығайтудағы ортақ бағыт өзінің тиімділігін дәлелдегенін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар көпжақты құжаттарға қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы