376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында екі елдің азаматтығын иеленген алаяқтар анықталды

  • 752

Жамбыл облысында қос елдің азаматтығын алған 76 Қырғызстан Республикасының азаматы анықталды.

Олардың кейбіреуі ел аумағында тұрмаса да, әлеуметтік көмек алып отырған. Мәселен, Меркі ауданында көрші елдің екі азаматы Қазақстанның ыхтиярхатын иеленіп, зейнетақы мен жәрдемақы алып келген. Ал дәл осындай құжаты бар тағы бір азаматшаға қайтыс болғаннан кейін де зейнетақы төленген. Сонымен қатар, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің азаматтығын алған үш тұлға тіркелді. Олар әр елдің төлқұжатын қажеттілігіне қарай пайдаланып отырған. Қазір облыстық прокуратура шекара және көші-қон қызметімен бірлесіп тексеру шараларын жүргізбек.

Дәурен Көбеев, облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысының орынбасары:

- Бұл құзырлы органның шекара қызметі және көрші елдегі әріптестерімен өзара байланыстың жоқтығын көрсетеді. Шын мәнісінде бұл тұлғалардың барлығы Қазақстанға айына бір рет жәрдемақыларын банкомат, терминалдар арқылы алу үшін келіп отырған. 20-дан астам адамға әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтату жөнінде ұсыныс берілді. Қазір 75 тұлғаның біздің елдегі азаматтығын жою мәселесі қаралып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы