383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

PSY-дың екінші бейнебаяны YouTube-те миллиард рет қаралды

  • 593

Оңтүстіккореялық әнші PSY-дың Gentleman әніне түсірілген бейнебаянын YouTube арнасынан миллиард адам көрген.

Бұл туралы әнші өзінің Twitter-парақшасында хабарлады. Бейнеролик PSY-дың ресми арнасында Gangnam Style әнінен бір жыл өткен соң, яғни 2013 жылдың сәуір айында жүктелген еді. Ал ол кезде Gangnam Style бейнебаяны 159 күннің ішінде миллиард рет қаралған еді. Бейнебаян әлі күнге дейін YouTube арнасындағы ең танымал роликтердің бірі болып есептеледі. Аталған видео 31 қазанға дейін 2,6 миллиард рет қаралыпты. 

Хабар 24 телеарнасы